Басты бет > Хабарландыру > Go Global бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды
4
Go Global бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

Стратегиялық және халықаралық даму департаменті 2025-2026 оқу жылының IІ жартыжылдығына арналған Go Global академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Оқу орны: Хериот-Уотт университетінің Малайзия кампусы
 

Келесі білім беру бағдарламалары аясында өтінімдер қабылданады:

Электроэнергетика – 2 және 3 курс

Мұнайгаз инженериясы және энергоменеджмент – 2 курс

Компьютерлік инженерия – 2 курс

Конкурсқа қатыса алатын  үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • оқу үлгерімі GPA 2.80-нен төмен болмауы (ең төменгі бағасы D қабылданады, алайда өткен оқу жылы бойынша қайта тапсыру (resit) болмауы тиіс)
  • оқу тәртібін және этикалық нормаларды бұрын соңды бұзбауы
  • басқа білім беру ортасында оқуға психологиялық дайындық
  • университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысуы

Білім алушылардың жинайтын қажетті құжаттар тізімі:

  • Түйіндеме
  • Паспорттың көшірмесі (паспорт болмаған жағдайда, жеке куәлік қабылданады)
  • Басқарма Төрағасы - Ректор атына жазылған өтініш
  • Мотивациялық хат (академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу себебін, мақсатын, бағдарламадан күтілетін нәтижелерді, болашақ жоспарларды және Комиссия мүшелеріне кандидат туралы қосымша ақпарат беретін өзге де маңызды мәліметтерді қамтитын 2 беттен аспайтын хат). Хаттың форматы: Times New Roman қарпі, 12 өлшем, жоларалық интервал – қосаралық (double space).
  • Ұсыныс хат (білім алушыны жақсы білетін бағдарламалық жетекші немесе пән оқытушысы тарапынан берілетін, білім алушыны академиялық ұтқырлық бағдарламасына лайықтылығын сипаттайтын және Комиссия мүшелеріне кандидатты жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын 2 беттен аспайтын хат. Хаттың форматы: Times New Roman қарпі, 12 өлшем, жоларалық интервал – қосаралық (double space).
  • Транскрипт (Темірқазық, Бас ғимарат 1 қабат)
  • Халықаралық, Республикалық немесе таңдалған оқу бағыты бойынша шараларға қатысқаны туралы дипломдар, сертификаттар мен марапаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда)
  • Студенттің көпбалалы отбасынан екенін растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда)
  • Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат көшірмесі (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін, бар болған жағдайда)
  • Егер үміткер құжат тапсыру кезінде 18 жасқа толмаған болса, білім алушының ата-анасынан немесе заңды қамқоршысынан шетелге оқуға шығуға арналған нотариалды куәландырылған рұқсат (қолхат) ұсынылуы қажет.
  • Папка файлдармен – 1 дана


Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17 желтоқсан, 17.00-де дейін

Құжаттар Heriot-Watt кампусы жобасының көшбасшысының орынбасарына тапсырылады.

🔗 Сұрақтар туындаған жағдайда, Стратегиялық және халықаралық даму департаментіне хабарласуға болады: international@zhubanov.edu.kz