Оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер онлайн қабылданады
Қорытынды аттестаттауды тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау бойынша өтініштер 29.12.2025ж. – 06.01.2026ж. аралығында SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қабылданады.
Ол үшін сізге қажет:
- SMART ARSU мобильдік қосымшасын Play market/ App store арқылы жүктеу;
- ҚОНАҚ рөлінде тіркелу;
- СҚКО кіру;
- ҚА тапсыру үшін оқуға қайта қабылдау таңдау;
- көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және жіберу;
- өтінішті негізгі мәзірден «менің өтініштерімнен» бақылай аласыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Жеке куәліктің көшірмесі;
2. Ф-№ 075У үлгідегі медициналық анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы куәландырылған);
3. Оқу ақысы төленген түбіртек (бір жылдық оқу ақысының 50%-ы).
Сұрақтар бойынша 8 7132 562896, 8 708 471 6548 нөмірлеріне хабарласыңыз.