Басты бет > Хабарландыру > «Отбасы банк» АҚ жас ғалымдарға кредит беру бағдарламасына өтінім қабылдайды
4
«Отбасы банк» АҚ жас ғалымдарға кредит беру бағдарламасына өтінім қабылдайды

«Отбасы банк» АҚ жас ғалымдарға кредит беру бағдарламасына 2026 жылдың 18 ақпанынан бастап өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі және «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрайымы арасында жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы (Банк қаражаты есебінен) бойынша ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру үшін «Отбасы банк» АҚ аталған кредит берудің бағдарламасын жариялады.

Кредит берудің бағдарламасына Министрлікке және Ғылым комитетіне ведомстволық бағынысты және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде 3 жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілімен, дәрежесі магистр деңгейінен төмен емес және тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдар (40 жасты қоса алғанға дейінгі) қатыса алады.

Бағдарламаға жолдама алу үшін университеттің жас ғалымдары HR және құжаттық қамтамасыз ету департаментіне жүгінеді.

Қосымша сұрақтар бойынша Ғылыми-зерттеу қызметі департаментіне жолығасыздар.