Компьютерлік инженерия бойынша лектор / аға лектор / қауымдастырылған профессор
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ және Heriot-Watt University (Ұлыбритания) бірлескен білім беру бағдарламасы аясында «Компьютерная инженерия» бағыты бойынша талантты әрі жоғары ынталы оқытушыларды жұмысқа шақырады.
Бұл қызмет халықаралық деңгейде компьютерлік ғылымдар білімін дамытуға үлес қосуға бірегей мүмкіндік береді. Негізгі бағыттар:
жасанды интеллект және машиналық оқыту, компьютерлік ғылымдар және/немесе бағдарламалық инженерия, киберқауіпсіздік, аппараттық-бағдарламалық интерфейстер, компьютерлік ғылымдарға арналған математика.
Таңдалған үміткерлер 2026 жылдың қыркүйегінде басталатын оқу үдерісіне дейін жұмысқа кірісуі тиіс.
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ жанындағы Heriot-Watt University филиалы туралы
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Қазақстан Республикасы Президентінің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Heriot-Watt University-мен серіктестік орнатып, Ақтөбе қаласында жаңа академиялық бағдарламаны іске қосты.
Бұл бастама Орталық Азия студенттеріне Қазақстанда білім ала отырып, беделді британдық диплом алу мүмкіндігін ұсынады.
Негізгі міндеттер
Сіз оқытушылар командасының құрамында:
- Келесі бағыттардың бірінде немесе бірнешеуінде сабақ бересіз: AI және ML, Computer Science / Software Engineering, киберқауіпсіздік, аппараттық-бағдарламалық жүйелер, математика
- Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар және зертханалық жұмыстар өткізесіз
- Студенттердің оқу жетістіктерін бағалайсыз (емтихан, курстық жұмыстар және т.б.)
- Қ.Жұбанов атындағы АӨУ және Heriot-Watt University оқытушыларымен ынтымақтастық жасайсыз
- Практикаға бағытталған білім беруді дамытуға үлес қосасыз
- Студенттерге академиялық қолдау көрсетесіз
- Университеттің сыртқы және индустриялық жобаларына қатысасыз
- Бірлескен ғылыми зерттеулердің дамуына үлес қосасыз
Талаптар
Міндетті:
- Computer Science, Software Engineering немесе басқа тиісті инженерлік бағыттар бойынша MSc немесе PhD дәрежесі (математика бағыты үшін — математика бойынша дәреже)
- Келесі бағыттардың бірінде немесе бірнешеуінде терең білім: AI/ML, Computer Science, Software Engineering, Security, Hardware, Mathematics
- Бағдарламалау тілдері бойынша тәжірибе (C, Java, Python, OCaml және т.б.)
- Ағылшын тілінде сабақ беру немесе жұмыс тәжірибесі
- Жақсы коммуникациялық және ұйымдастырушылық дағдылар
- Халықаралық командада жұмыс істей алу қабілеті
- Заманауи оқыту әдістеріне бейімделуге дайындық
- Студенттік жобаларды басқару тәжірибесі
Қалаулы:
- PhD дәрежесі
- Canvas сияқты білім беру платформаларымен жұмыс тәжірибесі
- Инновациялық бағалау әдістерін әзірлеу тәжірибесі
- Жоғары оқу орнында ағылшын тілінде сабақ беру тәжірибесі
- Студенттерге менторлық тәжірибе
- Ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар
- Гранттық жобаларға қатысу тәжірибесі
- Көпсалалы зерттеу топтарында жұмыс тәжірибесі
- Оқыту стратегияларын терең түсіну
Біз ұсынамыз
- Бәсекеге қабілетті жалақы
- Heriot-Watt University стандарттары бойынша оқыту және қолдау
- Халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері (Ұлыбритания, Дубай, Малайзия)
- Заманауи, көпмәдениетті академиялық орта
Бізбен бірге әлемдік деңгейдегі білім беруді дамытуға үлес қосыңыз. Сіздің тәжірибеңіз Қазақстанда және одан тыс жерде болашақ мамандарды даярлауға көмектеседі.
Өтінім беру тәртібі
Кандидаттар келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Толық CV (білімі, жұмыс тәжірибесі және жарияланымдар тізімімен)
- Ілеспе хат
📩 Мекенжай: hr@zhubanov.edu.kz, a.myrzekenova@hw.ac.uk
Сұрақтар бойынша: HR Manager, HWU Aktobe Campus, +7 775 721 62 91
Heriot-Watt University халықаралық командасының құрамына қосылып, жаһандық білім беру жобасының бір бөлігі болыңыз!