Басты бет > Хабарландыру > Бос лауазымға конкурс
4
Бос лауазымға конкурс

Ішкі аудит қызметінің жетекшісі лауазымына арналған талаптар: Білімі: Экономика және қаржы салалары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, қаржылық менеджмент, қаржы және несие мамандықтары бойынша білім. Заңтану саласындағы қосымша білімнің болуы құпталады. Жұмыс тәжірибесі: Аудит саласында және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. Басшылық тәжірибесі: Басшылық лауазымда кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі аудит қызметінде кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі. Кәсіби білімдері мен дағдылары: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша заңнаманы білу. Сертификаттар (міндетті): Төменде көрсетілген сертификаттардың немесе біліктілік куәліктерінің, дипломдардың кемінде біреуінің болуы:

– «Аудитор» немесе «Мемлекеттік аудитор» біліктілік куәлігі;

– CIA (Certified Internal Auditor);

– ACCA (Association of Certified Chartered Accountants);

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтер сертификаты;

– DiplFR (Diploma in International Financial Reporting);

– CIPA (Certified International Professional Accountant);

– DipPIA (Diploma in Professional Internal Auditor).

Тілдерді білуі:

Шет тілдерін меңгеруі – артықшылық болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға қағаз және электрондық тасығышта мынадай құжаттарды ұсынады: 1) Белгіленген нысандағы өтініш; 2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) конкурсқа қатысушының 3х4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі; 4) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және тексеру үшін түпнұсқалары; 5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі; 6) №075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды); 7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психо-неврологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама; 8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама; 9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қабылданады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263. HR және құжаттаманы қамтамасыз етудепартаментіне (1  кабинет) өткізу қажет. Тел. 8 707 841 66 51.