Басты бет > Хабарландыру > Педагогикалық қайта даярлау курсы
4
Педагогикалық қайта даярлау курсы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ҚР БжҒМ 2020 ж. №110 бұйрығының қағидаларына сәйкес төмендегі мамандықтар бойынша пост-дипломды педагогикалық білім беру сертификациялық қайта даярлау курсына қабылдау жүргізеді. 
Құжаттар 2026 жылдың 15 шілдесінен 20 тамызға дейін қабылданады.

Курс мерзімі – 9 ай
Оқу нысаны – күндізгі 
Кредит көлемі – 46

Тапсырылатын құжаттар тізбесі:

  • университет басшысының атына өтініш (үлгі бойынша)
  • жеке куәлік көшірмесі
  • білім туралы құжаттың (диплом, транскрипт) нотариус куәландырылған көшірмесі
  • медициналық анықтама 075/У-форма              
  • 3х4 сурет (2 дана)
  • скоросшиватель (қағаз түрі) – 1 дана
  • файл – 2 дана
  • конверт – 1 дана
  • арнаулы педагогикалық емтиханның анықтамасы

Қабылдау талаптары:

  1. Педагогикалық қайта даярлау курсына қабылдау үшін талапкердің дипломға қосымшасындағы (транскриптіндегі) GPA көрсеткіші кемінде 3.0 болуы тиіс. GPA көрсеткіші 3.0-ден төмен болған жағдайда құжат қабылданбайды. 
  2. Егер транскриптте немесе дипломға қосымшада GPA көрсетілмесе, дипломның орташа балы кемінде 4.0 болуы тиіс. Орташа бал 4.0-ден төмен болған жағдайда құжат қабылданбайды. 
  3. 6В01706 – Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасына түсушілер үшін тілдік деңгейді анықтау мақсатында әңгімелесу өткізіледі. Комиссияның оң қорытындысын алмаған талапкерлер курсқа қабылданбайды.

Байланыс және мекенжай:

Ә.Молдағұлова даңғылы 34, М.Арын атындағы бас ғимарат, 1 Б, 3 Б кабинет 

Тел: 87059174768, 87029787246, 87085237507, 87053978296