Басты бет > Хабарландыру > Ауысу және қайта қабылдау бойынша хабарландыру
4
Ауысу және қайта қабылдау бойынша хабарландыру

Құрметті білім алушылар!

Басқа ЖОО-ға ауысу бойынша өтініштер SMART ARU мобильдік қосымшасы арқылы 2026 жылдың 20 шілде - 31 тамыз аралығында қабылданады.

Оқуға қайта қабылдау, басқа ЖОО-дан және университетішілік бір білім бағдарламасынан екіншісіне ауысу бойынша өтініштер мен құжаттар SMART ARU мобильдік қосымшасы арқылы 2026 жылдың 10-21 тамыз аралығында қабылданады.

Оқуға қайта қабылдау үшін қажетті  құжаттар  тізімі:

  1. Аттестат немесе колледж/ЖОО дипломы туралы құжаттың  түпнұсқасы (шетел азаматтары үшін нотариалды куәландырылған аударымы бар көшірмесі және білімі туралы шетелдік құжатты тану туралы куәлік);
  2. Транскрипт немесе академиялық анықтаманың түпнұсқасы;
  3. Оқуға қабылдау, курстан курсқа ауысу, оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі;
  4. ҰБТ н/е КТ сертификаты (егер шетелдік ЖОО-дан болса, қосымша түсу емтихандары туралы хаттамадан көшірме);
  5. Шығармашылық емтихан хаттамасы (шығармашылық ББ үшін);
  6. Әңгімелесу хаттамасы (егер колледж/ЖОО-дан кейін болса);
  7. ЖОО-ның  лицензиясының  көшірмесі;
  8. Жеке куәліктің көшірмесі (шетел азаматтарына нотариалды куәландырылған аударымы бар паспорттың көшірмесі);
  9. ЖСН тіркеу туралы куәлік (шетел азаматтары үшін);
  10. Ф-№ 075У үлгідегі  медициналық  анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы  куәландырылған);
  11. Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.

 

Басқа  ЖОО-нан  ауысу  үшін  қажетті  құжаттар  тізімі:

  1. Оқып жатқан ЖОО-ның басшысының атына жазылған ауысу  туралы өтініші /келісім/ (басшының қолы мен мөр басылған);
  2. Транскрипт (курстан курсқа көшу туралы бұйрық көрсетілген), қол қойылған және мөр басылған;
  3. ҰБТ н/с КТ сертификатының көшірмесі (егер шетелдік ЖОО-дан болса, қосымша түсу емтихандары туралы хаттамадан көшірме);
  4. Шығармашылық емтихан хаттамасы (шығармашылық ББ үшін);
  5. Әңгімелесу хаттамасы (егер колледж/ЖОО-дан кейін болса);
  6. Білім беру гранты куәлігінің көшірмесі (егер грант иегері болса);
  7. Аттестат немесе колледж/ЖОО дипломы туралы құжаттың  көшірмесі (шетел азаматтары үшін нотариалды куәландырылған аударымы бар көшірмесі және білімі туралы шетелдік құжатты тану туралы куәлік);
  8. ЖОО-ның лицензиясының көшірмесі;
  9.  Жеке куәліктің көшірмесі (шетел азаматтарына нотариалды куәландырылған аударымы бар паспорттың көшірмесі);
  10. ЖСН тіркеу туралы куәлік (шетел азаматтары үшін);
  11. ф-№075У  үлгідегі  медициналық  анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы  куәландырылған);
  12. Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.

Толық ақпаратты алу үшін 87084716548, 87132562896 нөмірлеріне хабарласыңыз.