Басты бет > Хабарландыру > Бос лауазымға конкурс
4
Бос лауазымға конкурс

«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма Төрағасы – Ректор бос лауазымына конкурс жариялайды. «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова даңғылы, 34. 

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында  білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты  ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірмелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

1.    Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болғаны жөн;
2.    Кемінде 10 жыл кәсіби тәжірибесінің, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3.    Білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент қағидаттарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білуі;
4.    Стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы;
5.    Көшбасшылық, креативтілік, жаңашылдық, сыни ойлау, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
6.    Қазақ тілін меңгеруі (B1 деңгейінен төмен емес «ҚАЗТЕСТ» сертификатының болуы), орыс және (немесе) ағылшын тілдерін меңгергені жөн;
7.    Ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және (немесе) корпоративтік басқару бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттарының (куәліктерінің) болғаны жөн.

Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:

1)    жиырма бес жастан кіші;
2)    бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3)    өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4)    медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5)    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға қағаз және электрондық тасығышта мынадай құжаттарды ұсынады:

1)    белгіленген нысандағы өтініш;
2)     конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3)    конкурсқа қатысушының 3х4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі;
4)    жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
5)    білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және тексеру үшін түпнұсқалары;
6)    жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
7)    ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару бойынша біліктілікті арттыру сертификатының көшірмесі;
8)    университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) көшірмелері (бар болса);
9)    №075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
10)    мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
11)    мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
12)    қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне (643-кабинет) ұсынылуы тиіс; телефон: 8 (7172) 74-24-26, 74-20-38, 74-19-16, 74-27-25.

Өтініш
Қызметтік тізім
Басқарма төрағасы - Ректорды іріктеу мен сайлау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібі