04/09/2025
Ақтөбе достарын шақырады

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жаңа оқу жылы дәстүрлі мерекемен басталды. 2 қыркүйек күні Тұңғыш Президент саябағында өткен «АҚТӨБЕ ДОСТАРЫН ШАҚЫРАДЫ» атты Білім күні мен студенттерді қабылдау кеші жастардың басын қосқан айтулы шараға айналды. Мерекелік кешті университет пен Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл шара студенттердің басын біріктіріп қана қоймай, Ақтөбенің еліміздегі және шетелдегі жастар үшін тартымды білім орталығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгінде университет қабырғасында …

Ары қарай оқу
02/09/2025
Студенттік стартап нарыққа жол ашты: Жұбановшылардың жобасын мұнай компаниясы өндірісте қолданбақ

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері Рамзан Абдуллин мен Роман Соколов өндірістік нысандарды бақылауға арналған жүйе әзірледі. Бұл жүйе жабдықтардың техникалық жай-күйін үздіксіз бақылауға, ақауларды дер кезінде анықтауға және апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Жүйе нақты уақыт режимінде қысым, температура, ұңғымалардың дебиті мен нысандардың жұмыс күйі туралы деректерді жинап, өңдейді және аналитикалық есептер ұсынады. Басшылық үшін интерактивті карта мен аналитикалық құралдар, ал операторлар үшін — шалғай кен орындарында …

Ары қарай оқу
02/09/2025
Student Life Festival– жаңа бастамалар алаңы!

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бірінші курс студенттері үшін бейімдеу аптасы аясында «Student Life Festival» өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – студенттердің университет өміріне бейімделуіне қолдау көрсету, факультет сенаторлары мен түрлі клубтардың жұмысын таныстыру және жастардың белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында студенттер факультет сенаторлары мен клуб жетекшілерінің қызметімен танысып, университеттегі студенттік өмірге қатысты сұрақтарына жауап алды. Сонымен бірге интерактивті ойындарға қатысып, жаңа достық байланыстар орнатты. Фестиваль аясында университеттегі студенттік клубтардың қызметі …

Ары қарай оқу
26/08/2025
Кадр даярлау мен кәсіби қолдауда ынтымақтастық жолға қойылды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Құжатқа университет ректоры Лаура Қарабасова және департамент бастығы, полковник Қахарман Оразалин қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – құқық саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, студенттердің кәсіби тәжірибесін кеңейту және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысын арттыру. Ынтымақтастық аясында оқу процесін тәжірибемен ұштастыру, жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту және кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған бастамалар жүзеге асырылмақ. Құжат …

Ары қарай оқу
26/08/2025
Қытай ғалымдарымен бірлескен ғылыми жоба жүзеге асырылуда

Қ. Жұбанов атындағы университеті Қытайдың Ғылым және технология университетінің (USTC) ғалымдарымен бірге жаңа ғылыми жобаны іске қосты. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қолдауымен жүзеге асырылып, отқа төзімді әрі берік жаңа пластик материалдарын жасауға бағытталған. Бұл материалдар жел энергетикасында, кеме жасауда, құрылыс пен көлікте қолданылатын болады. Жобада Ақтөбеге арнайы келген халықаралық деңгейде танымал зерттеушілер — Xin Wang, PhD (Associate Professor, h-index: 68) және Yanbei Hou, PhD (Professor, h-index: …

Ары қарай оқу
26/08/2025
Zhubanov university студенттері – Әлем чемпионатында!

2025 жылдың 18 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Қытай Халық Республикасының Jiangmen қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын ерлер құрамасы сапында Жұбанов университетінің студенттері де өнер көрсетуде.  Кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Әділ Сүлеймен және Асылхан Ізбергенұлы бүгінде Қазақстан U21 ұлттық құрамасы сапында бақ сынап жатыр.  Аталған турнир – FIVB (Халықаралық волейбол федерациясы) ұйымдастырған, әлемнің 24 елінен келген үздік жас волейболшылардың …

Ары қарай оқу
19/08/2025
Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер

2025 жылдың 19 тамызында Жұбанов университетінде ректор Лаура Қарабасованың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Ректор студенттердің жағдайына, олардың бейімделуі мен жатақханаға орналасуына ерекше назар аударылатынын атап өтті. «Университет ұжымы жастардың сапалы білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға дайын болуы тиіс», – деді Лаура Қарабасова. Жиында негізгі бағыттар бойынша есептер тыңдалды.     •    Қабылдау науқаны: Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова биыл шамамен 3 мың …

Ары қарай оқу
19/08/2025
Әкімдіктер талапкерлерге білім беру гранттарын бөлді

2025-2026 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды. Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі.  Биыл жергілікті атқарушы органдар 1544 білім беру гранттарын бөлді.  Атап өтетін болсақ, 526 грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 299 грант, Шымкент қаласы – 285, Атырау – 265, Абай облысы – 200, …

Ары қарай оқу
15/08/2025
Жұбанов университетінің ғалымдары – «Болашақ» тағылымдамасында

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 5 ғалымы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өтетін ғалымдар мен оқу орындары:     •    Саркулова Жадырасын Сейдуллақызы – Пенсильвания мемлекеттік университеті (АҚШ)     •    Тасқалиева Жанар Асанқызы – Лидс университеті (Ұлыбритания)     •    Шаңғытбаева Гүлмира Асауғалиқызы – Лидс университеті (Ұлыбритания)     •    Ескалина Құралай Төлегенқызы – Ланкастер университеті (Ұлыбритания)     •    Демеуова Гүлназ Қажмұқанқызы – Амстердам университеті …

Ары қарай оқу
03/07/2025
Жұбанов университетінің қос докторанты докторлық диссертацияларын сәтті қорғады

2025 жылғы 28 маусымда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы 8D02301 – «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша құрылған диссертациялық кеңесте Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанттары Айнұр Баядилова-Алтыбаева мен Айсұлу Шуриева докторлық диссертацияларын сәтті қорғады.   Ғылыми кеңесшілері: филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангереев және филология ғылымдарының докторы, профессор Жанна Тектіғұл.   Қорғау барысында ізденушілер зерттеу жұмыстарының өзектілігін, теориялық және практикалық маңызын жан-жақты дәлелдеп, диссертациялық кеңес мүшелерінің сұрақтарына толық …

Ары қарай оқу
01/07/2025
Ғылыми кеңесте оқу жылы қорытындыланып, алдағы жоспарлар айқындалды

2025 жылдың 1 шілдесінде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті.  Кеңес отырысында университеттің ғылыми жетістіктері мен оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, академиялық қызметтің ағымдағы жағдайы мен даму жоспары, профессор-оқытушылар құрамының ғылымды дамытуға қосқан үлесі, 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, білім беру бағдарламалары бойынша ақылы бөлімге қабылдау, ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу және ғылыми атақтарға ұсыну мәселелері талқыланды. Сонымен қатар …

Ары қарай оқу
01/07/2025
Университеттің білім беру бағдарламалары мен шекті балдары туралы

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ білім беру бағдарламалары мен шекті балдары № Білім бағдарламасы Шекті балл Бейінді пәндер   6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 75 Биология-География   6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 75 Биология-География   6В01102-Психология және білім берудегі менеджмент 75 Биология-География   6В01902-Арнайы педагогика 75 Биология-География   6В03101-Психология 60 Биология-География   6В03102-Клиникалық психология 60 Биология-География   6B01401-Музыкалық білім 75 Шығармашылық   6B01404-Дене шынықтыру және спорт 90 Шығармашылық   …

Ары қарай оқу