
Жұбанов университетінің студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болды
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өткен 6В012 – “Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы” бағыты бойынша “Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі ұлттық құндылықтарды қолдану ерекшеліктері” атты XVII Республикалық пәндік олимпиадада Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері жүлделі II орын иеленді.
Педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің атынан қатысқан команда жоғары білім, кәсіби дайындық және шығармашылық шеберлік деңгейін көрсетті. Олимпиада барысында болашақ педагогтар ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын теориялық және практикалық тұрғыда сәтті қорғап шықты.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы шығармашылық және академиялық ізденістеріне сәттілік тілейміз!