07/11/2025
Өндіріспен үздіксіз байланыс — сапалы білім кепілі

Университет ректоры Лаура Қарабасова “Ақтөбе хром қосындылары зауыты” АҚ бас директоры Валерий Иванович Гриненкомен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ғылым мен өндіріс саласындағы өзара ынтымақтастықты тереңдету, жастарды жұмыспен қамту және дуальды білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылады. Өз сөзінде Валерий Гриненко студенттерге теориялық және практикалық білімді ұштастыра отырып оқытудың маңыздылығын және бұл бағытта университеттің ғылыми және материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында зауыттың жетекші технолог мамандары …

Ары қарай оқу
24/10/2025
Білім сапасын арттыру және педагог даярлау ісі – бірлескен жауапкершілік

Университет ректоры және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы қаладағы мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесуде мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім сапасына әсер ететін маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, бірлескен іс-әрекеттер жоспары бекітілді. Тараптар педагог кадрларды даярлау, кәсіби бағдар беру және ғылыми бағыттағы ынтымақтастықты күшейту бойынша нақты ұсыныстар ұсынды. Педагогикалық практиканы жетілдіру мақсатында студенттерді кадр тапшылығы бар білім беру ұйымдарына ұзақмерзімді практикаға бекіту тетігі қарастырылуда. Бұл тәсіл …

Ары қарай оқу
17/10/2025
Heriot-Watt University студенттері – жергілікті мектептердің мақтанышы

Heriot-Watt University Ақтөбе кампусына биылғы оқу жылында түскен студенттердің қатарында шетелден келген жастармен бірге өңіріміздегі мектептердің үздік түлектері де бар. Халықаралық деңгейдегі білім ордасын таңдаған талапкерлер өз салаларында ағылшын тілінде білім алып, оқу аяқталған соң Heriot-Watt және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қос дипломына ие болмақ. Осыған орай университет өкілдері білімді шәкірттерді тәрбиелеген қаладағы бірқатар мектептерге арнайы барып, мектеп директорларына ректордың алғыс және құттықтау хаттарын табыстады. Мектеп басшылары өз …

Ары қарай оқу
20/05/2025
Ағылшын тілі курсын сәтті аяқтаған 90-ға жуық оқытушы мен қызметкерге сертификаттар табысталды

Жұбанов университетінде ағылшын тілі курсын сәтті аяқтаған оқытушылар мен қызметкерлерге салтанатты түрде сертификаттар табысталды.  2024–2025 оқу жылына арналған ағылшын тілі курсын 90-ға жуық профессор-оқытушылар мен қызметкерлер сәтті аяқтап отыр. Курс 2024 жылдың қараша айынан бастап 2025 жылдың мамыр айына дейін 6 ай көлемінде ұйымдастырылды. Қатысушылар Beginner, Elementary және Pre-Intermediate деңгейлеріне сәйкес топтарға бөлініп, сабақ алды. Курсты халықаралық деңгейдегі CELTA және IELTS сертификаттарына ие кәсіби оқытушылар жүргізді. Айта кетейік, интенсивті ағылшын …

Ары қарай оқу
12/05/2025
Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің білім бағдарламалары Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығында мамандандырылған аккредиттеуден өтеді. Білім бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімі 2025 жылғы 13-14 мамыр аралығында гибридті форматта өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін білім бағдарламалары: 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6В01405-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау 6В01501-Математика 6B01502-Физика 6В02101-Хореография 6В02201-Тарих 6В06105-Компьютерлік инженерия 7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 7М01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 7M01404-Дене шынықтыру және спорт …

Ары қарай оқу
18/04/2025
Жұбанов университетінің «Күміс университет» жобасы биылғы маусымын сәтті аяқтады

Жұбанов университетіндегі әлеуметтік маңызы зор «Күміс университет» жобасы биылғы маусымын сәтті аяқтады. Бүгін 170-ке жуық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Осы жоба аясында олар қазақ тілі, ағылшын тілі, цифрлық сауаттылық, емдік дене тәрбиесі, тігін, шахмат және басқа да бағыттар бойынша 2,5 ай көлемінде білімдерін арттырды.  Университет ректоры Лаура Қарабасова биылғы жылы егде жастағы студенттердің уақытын сапалы ұйымдастыруға да басымдық берілгенін атап өтті.  «Қазіргі еңбек нарығының өзгерісі, жасанды интеллект, ақпараттық толқынның артуы көптеген …

Ары қарай оқу