04/05/2026
Study in Kazakhstan: ауқымды білім беру көрмесі өз мәресіне жетті

Қазақстан бойынша ұйымдастырылған Study in Kazakhstan жоғары білім беру көрмесі сәтті қорытындыланды. Ауқымды жоба талапкерлерге жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға бағытталып, қысқа мерзім ішінде елдің барлық өңірлерін қамтыды. Көрме 2026 жылғы 7-25 сәуір аралығында өткізіліп, 14 елді мекенді қамтыды. Атап айтқанда, іс-шаралар Астана, Павлодар, Семей, Өскемен, Алматы, Қаскелең, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ұйымдастырылып, 6 000 шақырымнан асатын аумақты қамтыды. Өткен жылмен салыстырғанда жобаның …

Ары қарай оқу
29/04/2026
Математикалық білім және логикалық пайым: XVIII Республикалық пәндік олимпиада

27-28 сәуір күндері ҚР жоғары оқу орындарының «Математика» білім беру бағдарламаларының білім алушылары арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Іс-шарада еліміздің 19 жетекші жоғары оқу орнынан келген үздік студенттер бас қосып, олардың математикалық білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті және күрделі есептерді шешу дағдылары бағаланды. Олимпиада барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі математикалық есептерді орындап, аналитикалық ойлау және шешім қабылдау жылдамдығы бойынша өз дайындықтарының сапасын көрсетті.  Сонымен қатар, аталған кезеңде алғаш рет I …

Ары қарай оқу
23/04/2026
Үздіксіз білім: «Күміс университет» қатысушыларына сертификаттар табысталды

«Күміс университет» жобасының кезекті оқу маусымы өз мәресіне жетті. 50 жастан асқан азаматтарға арналған бұл жоба өмір бойы білім алу қағидатын жүзеге асыруға бағытталған. 2026 жылы қазақ тілі, ағылшын тілі, құқықтық, қаржылық және цифрлық сауаттылық, тігін ісі, тоғызқұмалақ, шығыс биі, сондай-ақ ресурстық қолдау және үйлесімділік бағыттары бойынша білімін жетілдірген 100 қатысушы жобаны сәтті аяқтады. Олардың қатарында бірнеше жыл бойы үздіксіз қатысып келе жатқан аға буын өкілдері де бар. Үш айға …

Ары қарай оқу
13/04/2026
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу өткізу туралы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 2026 жылғы 14–16 сәуір аралығында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында сыртқы сараптау комиссиясы өз жұмысын жүзеге асырады. Сапардың мақсаты – университеттің білім беру қызметінің сапасын тәуелсіз бағалау, білім беру бағдарламаларының заманауи академиялық талаптарға, еңбек нарығының сұраныстарына және сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына сәйкестігін анықтау. Мамандандырылған аккредиттеу аясында келесі білім беру бағдарламалары бағаланады: 6B01506-География 6B07210-Металлургия 7M01504-Химия 7M01506-География 7M04104-Қаржы Сыртқы сараптау комиссиясының құрамы: Комиссия төрағасы: Қамарова …

Ары қарай оқу
28/11/2025
«Қаржы» халықаралық студенттік онлайн-олимпиадасы жеңімпаздары анықталды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасы ұйымдастыруымен «Қаржы» халықаралық студенттік онлайн-олимпиадасы өтті. Іс-шараға 6 елден 17 оқу орнынан 300-ден астам студент қатысты. Олимпиаданың екінші кезеңіне 55 студент өтті. Олар 20 сұрақтың 18-іне немесе одан да көбіне дұрыс жауап беріп, іріктеу кезеңінің тапсырмаларын сәтті орындады. Жеңімпаздар барлық олимпиадалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде жинаған ұпайлары негізінде қалыптастырылған рейтингтік кесте бойынша анықталды.   I дәрежелі Лауреат дипломдары – …

Ары қарай оқу