16/05/2025
Heriot-Watt university Ақтөбе кампусында ашық есік күні өтті

2025 жылғы 15 мамырда Heriot-Watt University-дің Ақтөбедегі кампусында Ашық есік күні өтті. Шараға 500-ге жуық оқушы мен олардың ата-аналары қатысты. Шара барысында оқушылар университеттің оқу бағдарламаларымен танысып, Heriot-Watt университетінің оқытушыларымен тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Қонақтар үшін кампус ішінде арнайы экскурсия ұйымдастырылып, еркін форматта әңгімелесу өтті. Бұл оқушыларға университет ортасының атмосферасын сезінуге және білім беру үдерісі туралы нақты ақпарат алуға жол ашты. Іс-шара аясында Heriot-Watt University түлегі Алибек Мусин сөз …

Ары қарай оқу
28/04/2025
Талапкерлер Heriot-Watt university-ге оқуға түсу үшін AET емтиханын тапсырды

Бүгін Жұбанов университетінің базасында Heriot-Watt University британдық жоғары оқу орнының Ақтөбе кампусына оқуға түсуге ниетті талапкерлер үшін ағылшын тілі бойынша AET емтиханы өтті. Талапкерлердің географиясы кеңейіп келеді. Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тұрғындарынан бөлек, бұл жолы емтихан тапсыруға Көкшетаудан да талапкерлер келді. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Smart Bilim, Білім-Инновация және қаланың басқа да алдыңғы қатарлы мектептерінің оқушылары қатысты. Еске сала кетейік, Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында үш мамандық бойынша қабылдау жүргізіледі: "Мұнай …

Ары қарай оқу
23/04/2025
Zhubanov university және Sultan Idris Education university: серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Бүгін Малайзияның Пендидикан Сұлтан Идрис университетінің бір топ профессорлары Жұбанов университетіне келіп, университет басшылығымен кездесіп, болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Делегация құрамында «Өнер, тұрақты даму және шығармашылық индустрия» факультетінің профессоры Мохд Фаузи бен Седдон, «Музыка және орындаушылық өнер» факультетінің профессоры Мохд Хасан бин Абдулла, сондай-ақ «Есептеу техникасы және метатехнология» факультетінің профессорлары Че Залина Зулкуфли мен Салим Абдулла болды. Кездесу барысында Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова шетелдік ғалымдарды жылы қарсы алып, университеттің …

Ары қарай оқу
22/04/2025
Миннесота университетінің ғалымы қонақ дәрісін өткізді

21 сәуірде Жұбанов университетінде Миннесота университетінің (АҚШ) Ұйымдастырушылық көшбасшылық, білім беру саясаты және даму департаментінің магистратура және аспирантура бағдарламаларының директоры, профессор Bhaskar Upadhyay қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында шетелдік профессор білім беру зерттеулеріндегі тенденцияларды қарастырып, зерттеу дағдылары туралы сөз қозғады. Айта кетейік, Bhaskar Upadhyay ғылыми қызметін негізінен ғаламдану және STE(A)M - білім беру мәселелеріне арнаған. Өз зерттеулерінде ғалым білім беру саясаты, педагогикалық тәжірибе және қоғам қажеттіліктері арасындағы өзара байланысқа, сондай-ақ …

Ары қарай оқу
15/04/2025
Қырғызстандық студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті

Бүгін  Жұбанов университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті студенттерінің шығармашылық көрмесі өтті. Шара барысында қырғызстандық жас дизайнерлердің өзіндік қолтаңбасын танытқан шығармашылық жұмыстары көрермен назарына ұсынылды. Көрмеге графикалық және қолданбалы өнер туындылары, сәулет жобалары, авангардтық сән топтамалары, макраме техникасында орындалған қолөнер бұйымдары, сондай-ақ студенттердің жеке авторлық жобалары қойылды. Әрбір туынды шығармашылық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшелігімен және идеялық мазмұнымен көзге түсті. Іс-шара аясында шетелдік ғалымдарды тарту …

Ары қарай оқу
04/04/2025
Доктор Yuwei Xu ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері туралы шеберлік сабағын өткізді

Бүгін Жұбанов университетінде Ұлыбританияның Nottingham университетінің ғалымы, PhD докторы Yuwei Xu шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы барысында Yuwei Xu  тәжірибесімен бөлісіп, білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің тиімді әдістері мен тәсілдерін талқылады. Шетелдік ғалым зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде, жоғары импактті журналдарда жариялаудың маңыздылығын атап өтіп, осындай жарияланымдардың ғылыми қызметтің сапасын арттыруға қалай ықпал ететінін түсіндірді. Ол зерттеу жұмыстарын жоспарлау, жүргізу және нәтижелерін дұрыс баяндау бойынша пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар …

Ары қарай оқу