Бүгін Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында білім алатын 1 курс студенттері алғашқы емтихандарын тапсырды. Жалпы саны 250 студент 31 наурыз – 3 сәуір аралығында математика, физика, химия, ақпараттық технологиялар және ағылшын тілі пәндерінен сынақтан өтуде. Кампустың аға оқытушысы, PhD Мұқағали Қаламбай бұл емтихандардың студенттердің 10 апта бойы жинаған білімдерін бағалау үшін өткізілетінін атап өтті. – Емтихан Heriot-Watt университетінің стандарттарына сәйкес өтеді. Студенттер емтиханға өздерімен бірге тек қалам, қарындаш, ID картасы, бір …