Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бірінші курс студенттері үшін бейімдеу аптасы аясында «Student Life Festival» өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – студенттердің университет өміріне бейімделуіне қолдау көрсету, факультет сенаторлары мен түрлі клубтардың жұмысын таныстыру және жастардың белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында студенттер факультет сенаторлары мен клуб жетекшілерінің қызметімен танысып, университеттегі студенттік өмірге қатысты сұрақтарына жауап алды. Сонымен бірге интерактивті ойындарға қатысып, жаңа достық байланыстар орнатты. Фестиваль аясында университеттегі студенттік клубтардың қызметі …