Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес студенттермен онлайн кездесу өтті. Бұл шара жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Стратегиялық даму департаментінің Құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы қадағалау және үйлестіру басқармасының бастығы Жасұлан Даулембаев, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ювеналдық полиция тобының бастығы, полиция майоры Ботакөз Жалекешова, сондай-ақ әлеуметтік …