Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында Жұбанов университетінің ғалымдары грант ұтып алды. Атап айтсақ, «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Әсел Утегенова ұсынған «AP27510383 – Мектеп оқушыларының ұлттық санасын қалыптастыруға Қазақстан мектептеріндегі тілдік ландшафттың тигізетін әсері» жобасы, аға ғылыми қызметкер, PhD Ербол Қуатбайдың «AP27511881 – Отандық ильменит шикізатынан сапалы титан құрамды қож алудың …