2025 жылдың 8 сәуірінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Ғылым жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы өтті. Іс-шара елімізде 12 сәуірде атап өтілетін Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар – облыстық әкімдік пен өңірлік университет. Кеңес жұмысына оның төрағасы, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер, жетекші ғалымдар, университет оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты. «Кеңес отырысы – өңір үшін маңызды және тарихи қадам», - деді облыс әкімі. Ол өңірдің орнықты …