04/11/2026
Халықаралық бәсекедегі жаңа нәтиже: Жұбанов университеті 100 позицияға көтерілді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті QS Asia University Rankings халықаралық рейтингіндегі көрсеткішін жақсартып, 2026 жылы 678-орынға тұрақтады. Өткен жылы университет 781-орыннан көрінген болатын. Осылайша, бір жыл ішінде 100-ден астам позицияға жоғарылады. Биыл рейтингке қатысқан жоғары оқу орындарының саны да артқан. 2025 жылы рейтингке 1500 университет енсе, биыл олардың саны 1722-ге жетті. Бұл халықаралық академиялық кеңістіктегі бәсекенің күшейе түскенін көрсетеді. Бұл нәтиже – университет ұжымының жүйелі жұмысы мен ортақ мақсат …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Экологиялық мәдениет – таза болашақтың негізі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Экологиялық тәрбие – таза болашақ кепілі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға экология саласының мамандары қатысып, студенттермен қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің бас маманы, мемлекеттік экологиялық инспектор Гүлзат Нурушева жастардың табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысуының маңызын атап …

Ары қарай оқу
04/11/2026
GPA 3,33 және одан жоғары түлектерге арналған «Tulek» порталы іске қосылды

GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін «TULEK» порталы арқылы бос жұмыс орындарына өтінім бере алады. Өтінім беру eqyzmet.gov.kz жүйесі арқылы жүзеге асырылады.  Толық ақпарат: 8 (7132) 74-77-73

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жолдаудың басым бағыттары талқыланды

«Әділет» партиясының өкілдері Жұбанов университетінің студенттерімен «Bir Tolqynda» жобасы аясында кездесті. Кездесуде Жолдауда айқындалған негізгі басымдықтар талқыланып, ел дамуының маңызды бағыттары мен жастарға берілетін мүмкіндіктер туралы айтылды. Іс-шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Қазыбек Әлішев, қалалық филиалының төрағасы Анар Даржанова, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нарқозы Қартжан және «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштық қатысты. Қазыбек Әлішев өз сөзінде Жолдауда көтерілген «Халықтық құрылыс» бағдарламасына, ауыл шаруашылығын …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жастар және қауіпсіз қоғам

Жұбанов университетінде «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында облыс жастарының қатысуымен «Жастар және қауіпсіз қоғам» атты кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау. Кездесу барысында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Буранбаев киберқауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, жастарға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғану жолдарын түсіндірді. Ал Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің …

Ары қарай оқу
03/11/2026
Жұбанов университетінің студенттері республикалық олимпиадада ІІ орын иеленді

2026 жылғы 2 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жошы Ұлысы – Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігінің тарихы» тақырыбында жоғары оқу орындарының «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары арасында республикалық пәндік олимпиада өтті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына және ЕҰУ-дың 30 жылдығына арналған олимпиада төрт кезең бойынша ұйымдастырылды: бейнематериал дайындау, тест тапсырмаларын орындау, тарихи эссе жазу және командалық сұрақтарға жауап беру. Олимпиада қорытындысы бойынша Қ. Жұбанов атындағы …

Ары қарай оқу