ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Отбасы – тәрбие бастауы» онкүндігі аясында «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты III Халықаралық форум өтті. Іс-шараның мақсаты – жаһандық өзгерістер жағдайында жастарға сапалы білім беру мен психологиялық қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған тиімді стратегиялар мен шешімдерді ұсыну. Ауқымды шараға жоғары санатты психолог мамандар, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, БҰҰ, жастар саясаты салалары сарапшылары, Ұлттық комиссия, жергілікті басқарма және құқық қорғау органдары …