03/04/2025
Ақтөбеде Батыс Қазақстан бойынша «Study in Kazakhstan» көрмесі басталды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakhstan» көрмесі басталды. Қазақстандық жастарға халықаралық аренада білім алу мүмкіндіктерін ұсынатын көрмеге 40-тан астам жоғары оқу орны қатысуда. Бірінші күні көрмені тамашалауға 1500-ға жуық 10-11 сынып оқушылары және ата-аналары келді. «Study in Kazakhstan» көрмесінің негізгі мақсаты Қазақстаннан шықпай-ақ шетелдік ЖОО-да білім алуға мүмкіндік жасау. Айта кетейік, …

Ары қарай оқу
03/04/2025
ZHUBANOV дебат лигасының ашылуы өтті

Бүгін Жұбанов университетінде ZHUBANOV дебат лигасының ашылуы өтті. Лигаға 6 клубтан 22 команда қатысуда. Бұл шара университет студенттерінің интеллектуалдық деңгейін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Лига 3 ойын күнінен тұрады, ал әр ойын күні 3 турдан ұйымдастырылған. Әр турдың тақырыптары студенттерді терең ойлауға және өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізе білуге үйретуге бағытталған. Лиганың басты мақсаты — университет студенттерінің сыни ойлау дағдыларын жетілдіру және оларды болашақ көшбасшылар ретінде тәрбиелеу. Сонымен қатар, …

Ары қарай оқу
03/04/2025
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Жұбанов университеті мен Ақтөбе облысы Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Байжанов қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың кең таралғанын, сондықтан бұл ынтымақтастықтың маңыздылығы жоғары екенін атап өтті. Ол интернет-қауіптерден қорғауға бағытталған бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Өз кезегінде әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Еркін Тастанқұлов студенттерді интернет-алаяқтықтың қауіптері мен қорғану тәсілдері туралы уақытылы хабардар етудің және …

Ары қарай оқу
03/04/2025
Профессорға құрмет көрсетілді

Бүгін Жұбанов университеті ұжымы философия ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Каированы 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.  Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымның туыстары мен шәкірттері қатысып, Бақыт Елубайқызына деген жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде ғалым шығармашылық жолына құрмет көрсеткен барша жандарға алғысын жеткізді. Жиында профессор Бақыт Каированың білім мен ғылым саласына қосқан елеулі үлесі және университетті дамытудағы айрықша рөлі атап өтілді. Айта кетейік, Бақыт Каирова Жұбанов университетінде 30 жылдан астам уақыт бойы …

Ары қарай оқу
01/04/2025
Yandex Qazaqstan GR-директоры жастарға тәжірибесімен бөлісті

Бүгін Жұбанов университетінде Yandex Qazaqstan GR-директоры Мейірбек Мұқатов студенттерге «Мемлекеттік қызмет және GR бойынша» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.  Дәріс барысында Мейірбек Мұқатов мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, болашақ жас мамандарға құнды кеңестерін берді. Ол өзінің жұмыс жолындағы тәжірибесін, мемлекеттік қызметтің қиындықтары мен жетістіктерін баяндап, студенттерді осы салада жетістіктерге жету үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгеруге шақырды. Мейірбек Мұқатов мемлекеттік қызметте жетістікке жету үшін үнемі өзгерістерге бейімделіп, жаңа дағдыларды меңгеру керек …

Ары қарай оқу
01/04/2025
Ғылыми кеңес мәжілісі: университеттің дамуы мен жаңа бастамалар талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Жиынға басқарма мүшелері, құрылым басшылары және профессор-оқытушылар қатысты. Кеңес жағымды жаңалықтармен ашылды. Осы жолы университеттің ғылыми қауымдастығы үш жаңа философия докторымен (PhD) толықты. «Филология» білім бағдарламасы бойынша «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Обаева, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Майра Балтымова және әлеуметтік мәселелер мен жастар саясаты департаментінің директоры Нарқозы Қартжан философия докторы (PhD) дәрежесін иеленді. Университет ректоры Лаура Қарабасова …

Ары қарай оқу