Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова белсенді жастармен кездесті. Кездесу барысында университетті басқарудағы студенттік ұйымдар мен клубтардың жаңа рөлі жөнінде пікір алмасып, студенттердің белсенді араласуын қажет ететін проблемалар талқыланды. Жиында белсенді жастар әртүрлі ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сапарғали Батыржан тұрақты әрі жүйелі түрде жұмыс істейтін Zhubanov talks платформасында барлық өңір жастары үшін қызықты дәрістер сериясын өткізуді ұсынып, әрі ұйымдастыру жауапкершілігін өзі алатынын айтты. Ал Еркеназ Әлібек «Tаза Қазақстан» акциясы …