Жұбанов университетінде 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты кешке университет басшылығы, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты. Жиында университет ректоры Лаура Қарабасова ұжымды Республика күнімен құттықтады. Оқу орнының басшысы ұлттық мереке Республика күнінің мәнін ашып, дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым саласына және университеттің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі бағаланды. Университеттің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері Ақтөбе облысы әкімінің және «Аманат» …