Басты бет > Жаңалықтар > Лудоманияның алдын алу бойынша кездесу өтті
4
Лудоманияның алдын алу бойынша кездесу өтті

Бүгін Жұбанов университетінде лудоманияның және заңсыз ойынның алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Аян Курмангазин, Астана ауданы №1 қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Қазбек Адайбаев, Premier Med клиникасының практик-психологы Малика Ешниязова және «Қадам» реабилитациялық орталығының жетекші маманы Айдын Джанасаев қатысты.

Кездесу барысында лудоманияның зиянды салдары, интернеттегі алаяқтықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Студенттерге ойынға тәуелділіктің қауіптілігі, оның қаржылық және әлеуметтік зардаптары туралы кеңінен түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

Полиция капитаны Аян Курмангазин интернеттегі алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтып, жастарға ойынға тәуелділіктің құқықтық салдары мен оның жеке өмірге тигізетін кері әсері жөнінде түсіндірме жасады. Сонымен қатар мамандар жастарды өзіне және жақындарына мұқият болуға, тәуелділіктің алғашқы белгілерінде көмек сұрауға және өз мәселелері туралы айтуға ұялмауға шақырды.

Іс-шара барысында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша кеңестер алды.