Басты бет > Жаңалықтар > Жастармен бірге маңызды мәселе талқыланды
4
Жастармен бірге маңызды мәселе талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дина Қалмағамбетова және қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Заир Сандыбеков студенттермен кездесіп, сайлау жүйесі туралы мағлұмат берді. Шараның мақсаты – жас буынды демократиялық процеске қатысуға шақырып, сайлау жүйесінің маңыздылығын түсіндіру.

Дина Қалмағамбетова сайлау жүйесінің негізгі принциптерін түсіндіре отырып, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталды. Ол Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасы мен оның ашықтығы туралы сөз қозғады. Өз кезегінде Заир Сандыбеков студенттерге сайлау комиссиясының жұмысын және сайлау процесінің әртүрлі кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол жастарды сайлау құқығын тиімді пайдалануға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, сайлау жүйесіне қатысты қызықтыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.