Басты бет > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде жастарға зиянды әдеттерден сақтану жөнінде семинар өтті
4
Жұбанов университетінде жастарға зиянды әдеттерден сақтану жөнінде семинар өтті

Жұбанов университетінде жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға наркологтар мен психологтар қатысып, студенттерге нашақорлық және ЖИТС секілді қауіпті аурулардан сақтану жолдары туралы кеңес берді.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Айдын Рысбекова психотроптық заттардың зияны мен олардан сақтану жолдары туралы әңгімелеп, салауатты өмір салтын ұстанудың жастар үшін маңызды екенін атап өтті. «Қазіргі уақытта нашақорлық мәселесі өте өзекті. Жастар көбінесе бірінші рет қолданудың еш зияны жоқ деп ойлайды, бірақ бұл өз кезегінде тәуелділікке алып келуі мүмкін», - деп ескертті маман.

Сонымен қатар, облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева ЖИТС-тің таралуы мен одан сақтану шаралары туралы ақпарат берді. Ол жастарға осы аурудан сақтанудың басты жолы – қауіпсіз өмір салтын ұстану екенін түсіндірді.

Семинар барысында студенттер сұрақтар қойып, зиянды әдеттерге жол бермеу үшін қажетті ақпарат пен кеңестер алды.