
Көшпенділер дәуірін жандандырған қаламгер
Жұбанов университетінде қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, тарихи романдарымен халқымыздың рухын асқақтатқан Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.
Кеш барысында Ілияс Есенберлиннің өмір жолы туралы баяндама жасалып, оның өмірі мен шығармашылығы дәріптелді. Студенттер жазушының әдеби мұрасы мен тарихи еңбектерінің маңыздылығын талқылап, оның ұлттық сананы оятуға, халықтың рухани байлығын арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар кеште Ілияс Есенберлиннің жүрек тебірентер жырлары оқылып, оның ақындық шеберлігі мен поэзиясының терең мәні атап өтілді.
Шара барысында ұйымдастырылған арнайы ойын қатысушылардың шығармаларды тереңірек түсінуіне және олардың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік берді.