
Жұбанов университеті мен «Қазақойл Ақтөбе» компаниясы ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктері
Жұбанов университетінің басшылығы Ақтөбе облысындағы Әлібекмола мен Қожасай мұнайгазконденсатты кен орындарын игеретін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-не барды.
Университет ректоры Лаура Қарабасова мен «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС басшысы Нұрсейіт Сүйіновтің кездесуі барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Тараптар компания қызметкерлеріне баламалы энергия көздері бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша магистранттардың «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өту мәселесін қарастырды. Сонымен қатар, энергоменеджмент, электроэнергетика және ақпараттық технологиялар саласында кадрлар даярлау, жұмысқа орналастыру және өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыру жөнінде сөз болды.
Кездесу барысында сондай-ақ шотландиялық Хериот Уотт университетінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы серіктестікті жаңа деңгейге көтеру жолдары да атап өтілді.