Басты бет > Жаңалықтар > Кезекті ғылыми кеңес мәжілісі өтті
4
Кезекті ғылыми кеңес мәжілісі өтті

Бүгін Жұбанов университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға университет басшылығы, құрылым басшылары және профессор-оқытушылар қатысты.

Университет ректоры Лаура Қарабасова физика-математика факультетінің деканы қызметін атқарған Асқар Аймукатовқа атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді. Ол ғалымның факультет ғылымын дамытудағы, ұжымдық ауызбіршілік пен қолайлы академиялық орта қалыптастырудағы көшбасшылығын ерекше атап өтті.

Мәжіліс барысында оқу-әдістемелік және ғылыми бағыттар бойынша бірқатар маңызды мәселелер қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жұмыс жоспарлары бекітілді. Кеңес барысында магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулері, Президенттік стипендия үміткерлерін анықтау, профессор-оқытушыларды ғылыми атақтарға ұсыну және монографияларды баспаға дайындау секілді әртүрлі мәселелер талқыланды.

Университет ғалымдары кеңесте көтерілген мәселелер бойынша өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жиын нәтижесінде қабылданған шешімдер университеттің ғылыми және білім беру қызметін жетілдіруге, жас зерттеушілерді қолдауға және академиялық ортада жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталды.