Басты бет > Жаңалықтар > Кәмелетке толмаған студенттерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
4
Кәмелетке толмаған студенттерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін Жұбанов университетінде кәмелетке толмаған студенттермен маңызды кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңдарды түсіндіру және оларды құқық бұзушылықтан сақтандыру.

Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры Жүніс Какимов және Ақтөбе облысы ПД ювеналдық полиция тобының бастығы Ботакөз Жалекешова қатысты.

Кездесу барысында прокурор Жүніс Какимов жастарға құқықтық нормаларды сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық қорғау органдарының жұмысы туралы түсінік берді. Сонымен қатар Ботакөз Жалекешова кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Шараның соңында ұйымдастырушылар студенттерге заңға деген құрмет пен құқық бұзушылыққа жол бермеу қажеттігін атап өтіп, болашақта мұндай кездесулердің жиі ұйымдастырылатынын жеткізді. Бұл кездесу жастар үшін құқықтық тәртіпті сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсіну тұрғысынан өте маңызды алаңға айналды.