
Ғылыми конференцияда ұлтаралық бірлік мәселелері талқыланды
Бүгін Жұбанов университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті. Конференцияда ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық және тұрақтылық мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға философ ғалымдар, ғылыми сарапшылар, жас ғалымдар клубының мүшелері, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.
Конференцияның негізгі мақсаты — Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық бірлік пен ынтымақтастықты нығайту жолындағы мемлекеттік саясатты зерделеу, студент жастарға ұлттық құндылықтарды меңгерту және қоғамдық келісімді сақтау мәселелерін талқылау болды.
Ғылыми жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық бірлікті қалыптастырудағы рөлі, түрлі этнос өкілдерінің арасындағы келісім мен өзара түсіністік мәселелері сөз болды. Баяндамашылар өз зерттеулерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішінде атқарған жұмыстары мен оның қоғамдағы тұрақтылыққа қосқан үлесін атап өтті.