Басты бет > Жаңалықтар > Ғылыми кеңес мәжілісі: университеттің дамуы мен жаңа бастамалар талқыланды
4
Ғылыми кеңес мәжілісі: университеттің дамуы мен жаңа бастамалар талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Жиынға басқарма мүшелері, құрылым басшылары және профессор-оқытушылар қатысты.

Кеңес жағымды жаңалықтармен ашылды. Осы жолы университеттің ғылыми қауымдастығы үш жаңа философия докторымен (PhD) толықты. «Филология» білім бағдарламасы бойынша «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Обаева, «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Майра Балтымова және әлеуметтік мәселелер мен жастар саясаты департаментінің директоры Нарқозы Қартжан философия докторы (PhD) дәрежесін иеленді. Университет ректоры Лаура Қарабасова ғалымдарды ғылыми дәрежесімен құттықтап, оқу орны қызметкерлерінің әр жетістігі жоғары бағаланатынын атап өтті. 

Кеңесте қаралған негізгі тақырыптар аясында университеттің 2024 жылға арналған стратегиялық жоспарларының орындалуы, 2025 жылға арналған жаңа міндеттер, университеттің имиджін көтеруде ресми интернет-ресурстың рөлі және профессор-оқытушылардың оқу құралдарын баспадан шығару ұсыныстары қаралды. Әрбір мәселе бойынша баяндамалар тыңдалып, нақты шешімдер қабылданды.

Ғылыми кеңес барысында университет ғалымдары көтерілген мәселелерге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, жиынға белсенді қатысты.