
Профессорға құрмет көрсетілді
Бүгін Жұбанов университеті ұжымы философия ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Каированы 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымның туыстары мен шәкірттері қатысып, Бақыт Елубайқызына деген жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде ғалым шығармашылық жолына құрмет көрсеткен барша жандарға алғысын жеткізді.
Жиында профессор Бақыт Каированың білім мен ғылым саласына қосқан елеулі үлесі және университетті дамытудағы айрықша рөлі атап өтілді.
Айта кетейік, Бақыт Каирова Жұбанов университетінде 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Ол оқытушы, аға оқытушы, доцент, ғылыми-әдістемелік бөлімнің бастығы, тәрбие ісі және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор, сондай-ақ кафедра профессоры ретінде жемісті еңбек етіп, көптеген жетістіктерге жетті. Бақыт Каированың қызметі жоғары бағаланып, оған бірнеше мәрте марапаттар табыс етілді. Атап айтқанда, ол «Университеттің құрметті профессоры», «Университеттің еңбек ардагері» және «Университеттің 85 жылдығы» медалдарымен марапатталған.