
ZHUBANOV дебат лигасының ашылуы өтті
Бүгін Жұбанов университетінде ZHUBANOV дебат лигасының ашылуы өтті. Лигаға 6 клубтан 22 команда қатысуда. Бұл шара университет студенттерінің интеллектуалдық деңгейін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін дамытуды көздейді.
Лига 3 ойын күнінен тұрады, ал әр ойын күні 3 турдан ұйымдастырылған. Әр турдың тақырыптары студенттерді терең ойлауға және өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізе білуге үйретуге бағытталған.
Лиганың басты мақсаты — университет студенттерінің сыни ойлау дағдыларын жетілдіру және оларды болашақ көшбасшылар ретінде тәрбиелеу. Сонымен қатар, бұл шара жастардың өз көзқарастарын ашық және дәлелді түрде қорғау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Талантты әрі шығармашыл студенттерді анықтап, оларды қоғамда маңызды рөл атқаруға даярлау да — лиганың басты міндеттерінің бірі.
Бірінші ойын күні командалар "Студенттік өзін өзі басқаруды жетілдіру жолдары", "Жастар арасындағы лудоманияның негізгі себептерін анықтау", "Жастар арасындағы құқықбұзушылықты азайтудың тиімді жолдары" тақырыптары бойынша пікірсайыс жүргізді.
Бұл тақырыптар жастардың қоғамдағы мәселелерге деген көзқарастарын кеңейтіп, сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік берді.
Лига 30 сәуірге дейін жалғасады.