Басты бет > Жаңалықтар > Ақтөбеде Батыс Қазақстан бойынша «Study in Kazakhstan» көрмесі басталды
4
Ақтөбеде Батыс Қазақстан бойынша «Study in Kazakhstan» көрмесі басталды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakhstan» көрмесі басталды.

Қазақстандық жастарға халықаралық аренада білім алу мүмкіндіктерін ұсынатын көрмеге 40-тан астам жоғары оқу орны қатысуда. Бірінші күні көрмені тамашалауға 1500-ға жуық 10-11 сынып оқушылары және ата-аналары келді.

«Study in Kazakhstan» көрмесінің негізгі мақсаты Қазақстаннан шықпай-ақ шетелдік ЖОО-да білім алуға мүмкіндік жасау.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында көрме 3-4 сәуір аралығында екі күнге созылады. Әр филиалдың өкілдері талапкерлерге түсу шарттары мен оқу орнының ұсынатын мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге дайын.

Құрметті талапкер! Сіздерді Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан Студенттер сарайында 09.00-18.00 аралығында күтеміз!