
Доктор Yuwei Xu ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері туралы шеберлік сабағын өткізді
Бүгін Жұбанов университетінде Ұлыбританияның Nottingham университетінің ғалымы, PhD докторы Yuwei Xu шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағы барысында Yuwei Xu тәжірибесімен бөлісіп, білім беру саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің тиімді әдістері мен тәсілдерін талқылады. Шетелдік ғалым зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде, жоғары импактті журналдарда жариялаудың маңыздылығын атап өтіп, осындай жарияланымдардың ғылыми қызметтің сапасын арттыруға қалай ықпал ететінін түсіндірді. Ол зерттеу жұмыстарын жоспарлау, жүргізу және нәтижелерін дұрыс баяндау бойынша пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қатар Yuwei Xu білім беру мен ғылымды біріктірудің маңыздылығына назар аударып, университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың білім сапасын жақсартуға және ғалымдардың ғылыми жетістіктерін кеңінен таратуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол жоғары білім жүйесін дамытуға арналған заманауи әдістер мен құралдарды қолданудың тиімділігін көрсетті.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ғалымнан көптеген пайдалы кеңестер алды.
Айта кетейік, доктор Yuwei Xu – WoS және Scopus базасына кіретін төрт ғылыми журналдың редакторы, оның H-index көрсеткіші 12.