Басты бет > Білім > Білім комитетінің өкілі студенттермен ашық сұхбат өткізді
4
Білім комитетінің өкілі студенттермен ашық сұхбат өткізді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Жұбанов университетінің Студенттік үкіметі құрамымен кездесті.

Кездесу барысында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, жастардың білім алу сапасын арттыру және олардың әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Ақерке Абылайхан студенттердің жоғары білім беру жүйесіндегі рөлін ерекше атап өтіп, олардың бастамалары мен ұсыныстарының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол «Толық адам» концепциясына тоқталып, тәрбие мәселесін көтерді. Жастарды ғылымға бет бұруға, жан-жақты білім алуға, білім саласындағы реформаларға белсене қатысуға шақырды.

Өз кезегінде студенттік үкімет өкілдері университет қабырғасында жүзеге асып жатқан жобалар мен бастамалар жөнінде баяндап, білім сапасын жақсартуға, оқу үдерісін жаңғыртуға қатысты өз ойларымен бөлісті.

Білім комитеті төрағасының орынбасары студенттердің ұсыныстарын назарға алатынын айтып, олардың белсенділігі мен бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.