
Білімге жол ашқан демеушілік
Бүгін Жұбанов университеті үшін ерекше әрі қуанышты күн!
73 студентіміз оқу ақысына 100% жеңілдік алып, жарқын болашаққа нық қадам басып жатыр! Бұл мүмкіндік біздің сенімді серіктестеріміз — «KazakhOil Aktobe» және «Қазақтүрікмұнай» компанияларының қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асырылды.
Айта кетсек, оқу жылының басында университетіміз бен жұмыс беруші компаниялар арасында жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында, ақылы негізде білім алып жүрген, үлгерімі жоғары әрі әлеуметтік осал топқа жататын студенттерге грант бөлу туралы ұсыныс университет басшылығы тарапынан жолданған еді. Бүгінгі нәтижелер – сол бастаманың жарқын көрінісі.
Өткен жылы 36 студентке қолдау көрсетілсе, биыл бұл көрсеткіш 64%-ға артып, 73 студентке жетті! Бұл — университетіміз тарихындағы үлкен жетістік әрі әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі.
Бұл — тек қаржылай көмек емес, бұл — жастарға деген сенім, болашаққа салынған инвестиция.
Серіктестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!