Басты бет > Жаңалықтар > Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Басқарма Төрағасы-Ректор ғылыми рейтингіден орын алды!
4
Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Басқарма Төрағасы-Ректор ғылыми рейтингіден орын алды!

12 сәуір Ғылым қызметкерлері күніне орай, соңғы 5 жылда (2020–2024 жж.) Web of Science деректер базасында ең көп дәйексөз келтірілген 150 қазақстандық автордың тізімі жарияланды. Университетіміздің ректоры, білім беру бойынша философия докторы (Ph.D.) Қарабасова Лаура Чапайқызы да осы тізімде орын алып, еліміздің жетекші ғалымдары қатарынан табылды.

Ғалымның еңбектері әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланып, оның зерттеулерінің өзектілігі мен қоғам үшін маңыздылығы айқындалды.

Бұл жетістік университетіміздің ғылым мен білім саласындағы жоғары деңгейін көрсетеді.
Лаура Чапайқызын құттықтаймыз! Ұлттық және жаһандық ғылымның дамуына қосқан үлесіңізді мақтан етеміз! Алдағы уақытта да жаңа ғылыми белестер мен табыстарға жетуіңізді тілейміз!