
Жұбанов университетінде «ERG FEST» іс-шарасы өтті
2025 жылдың 18 сәуірі күні Жұбанов университетінде «ERG FEST» іс-шарасы өтті. Бір күндік шара ERG компаниясының «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Шара барысында студенттер «Кәсіпкерлік жобаны әзірлеу және іске қосуда AI құралдарын қолдану» тақырыбында білім беру модулінде тәлім алды. Бұл сессияда жасанды интеллект технологияларының кәсіпкерлік жобаларда қалай қолданылатыны жөнінде тәжірибелі мамандар дәріс оқып, студенттерге инновациялық шешімдерді қалай енгізу керектігін түсіндірді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар жобаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы презентация жасап, қатысушыларды білім беру интенсивінің бағдарламасымен таныстырды.
Іс-шараның соңында студенттер өздерінің бизнес-кейстерін қорғап, Алматы қаласында өтетін BigIdeasCamp жазғы кәсіпкерлік лагеріне шақырту алу үшін жарысқа түсті. Бұл мүмкіндік студенттер үшін үлкен жетістік, себебі BigIdeasCamp – кәсіпкерлікпен айналысатын жас адамдар үшін танымал алаң болып табылады.