
Арман Исимовтың ғылыми мақаласы әлемнің ең көп қаралған еңбектерінің қатарына енді
Жұбанов университетінің биология кафедрасының доценті, PhD Арман Исимовтың WILEY халықаралық ғылыми баспасының Veterinary Medicine and Science журналына жарияланған мақаласы ең көп қаралған мақалалардың алғашқы 10 пайызына енді.
Мақала «Батыс Қазақстандағы ірі қара мал арасындағы аусыл ауруымен күрес жөніндегі шағын фермерлердің білімі, көзқарасы және тәжірибесі» тақырыбында жазылған. Бұл зерттеу ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі — аусыл ауруының алдын алу мен күресу бағытындағы шағын шаруашылық иелерінің практикалық дағдыларын талдауға арналған.
Айта кетейік, Wiley баспасы – әлемдегі жетекші ғылыми баспалардың бірі, олардың журналдарында жарияланған зерттеулер әлемнің түкпір-түкпірінен оқылады және жоғары сенімге ие.
Ғалымды ғылыми жетістігімен құттықтаймыз!