Басты бет > Халықаралық байланыстар > Миннесота университетінің ғалымы қонақ дәрісін өткізді
4
Миннесота университетінің ғалымы қонақ дәрісін өткізді

21 сәуірде Жұбанов университетінде Миннесота университетінің (АҚШ) Ұйымдастырушылық көшбасшылық, білім беру саясаты және даму департаментінің магистратура және аспирантура бағдарламаларының директоры, профессор Bhaskar Upadhyay қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс барысында шетелдік профессор білім беру зерттеулеріндегі тенденцияларды қарастырып, зерттеу дағдылары туралы сөз қозғады.

Айта кетейік, Bhaskar Upadhyay ғылыми қызметін негізінен ғаламдану және STE(A)M - білім беру мәселелеріне арнаған. Өз зерттеулерінде ғалым білім беру саясаты, педагогикалық тәжірибе және қоғам қажеттіліктері арасындағы өзара байланысқа, сондай-ақ оларды тұрақты білім беруді қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударады.

Айта кету керек, АҚШ ғалымының дәрісі өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқытушылар мен студенттер негізгі тақырып бойынша сұрақтар қойып, профессордан толыққанды жауаптар алды.