
Жұбанов университетінің студенттері ХІІІ жазғы Универсиадада тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтіп жатқан XIII жазғы Универсиадада Жұбанов университетінің ерлер құрамасы тоғызқұмалақтан командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Сондай-ақ, жекелей сында да университет спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Кәсіби-шығармашылық факультетінің дене шынықтыру мамандығының студенттері Диас Жанбау мен Қайрат Тұрарбек бірінші орынды, Алмас Тлегенов екінші орынды жеңіп алды.
Спорттың 17 түрі бойынша ұйымдастырылған бұл ауқымды додаға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 4 000-нан астам студент қатысуда. Ал тоғызқұмалақ жарысында 32 оқу орнынан 192 ойыншы бақ сынады.
Команданың бұл жетістігі — жаттықтырушылар Азамат Қайдаров пен Дидар Жанбаудың еңбегі мен студенттердің жүйелі дайындықтарының жемісі.
Жұбанов университетінің жеңімпаз спортшыларын және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!