Басты бет > Халықаралық байланыстар > Heriot-Watt university Ақтөбе кампусында ашық есік күні өтті
4
Heriot-Watt university Ақтөбе кампусында ашық есік күні өтті

2025 жылғы 15 мамырда Heriot-Watt University-дің Ақтөбедегі кампусында Ашық есік күні өтті. Шараға 500-ге жуық оқушы мен олардың ата-аналары қатысты.

Шара барысында оқушылар университеттің оқу бағдарламаларымен танысып, Heriot-Watt университетінің оқытушыларымен тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Қонақтар үшін кампус ішінде арнайы экскурсия ұйымдастырылып, еркін форматта әңгімелесу өтті. Бұл оқушыларға университет ортасының атмосферасын сезінуге және білім беру үдерісі туралы нақты ақпарат алуға жол ашты.

Іс-шара аясында Heriot-Watt University түлегі Алибек Мусин сөз сөйлеп, университетті тәмамдағаннан кейінгі кәсіби табысы мен мансап жолындағы жетістіктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, академиялық бағдарлама менеджері Daniel G. Swanson мен Global College физика курсының жетекшісі Dawn Beddard жаһандық білім беру мен халықаралық ынтымақтастық тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.

Оқушылар ерекше қызығушылық танытқан сәттердің бірі – Эдинбург пен Малайзиядан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жақында оралған студенттердің тәжірибесі болды. Олар шетелде оқу барысында алған әсерлерімен, академиялық ортаға бейімделу жолдарымен бөлісіп, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Ашық есік күнінде оқушылар шетелдік жоғары оқу орнына түсу талаптары, академиялық мүмкіндіктер және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат алды. Университет өкілдері барлық келушілердің сұрақтарына жауап беріп, кәсіби бағыт-бағдар ұсынды.