
Жұбанов университетінің студенттері ХІІІ жазғы Универсиадада чемпион атанды
Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында өтіп жатқан XIII жазғы Универсиадада Жұбанов университетінің студенттері жүлделі орынға ие болды.
Таеквондо спорт түрі бойынша кәсіби-шығармашылық факультетінің 3 курс студенті Жанель Асқарова мен 2 курс студенті Санжар Мырзахмет өз қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз студенттерді Универсиададағы жетістіктерімен құттықтаймыз!