Басты бет > Жаңалықтар > Педагогикалық мамандықтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті
4
Педагогикалық мамандықтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Жұбанов университетінде педагогикалық мамандықтарға арналған "Career Fair – Бос орындар жәрмеңкесі" өтті.

Жәрмеңкенің мақсаты – педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан түлектерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, білім беру ұйымдарына білікті мамандар тарту және еңбек нарығы мен білім беру жүйесі арасындағы байланысты нығайту.

Іс-шараға академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен түлектердің жұмысқа орналасуына қатысты маңызды ойларын білдірді. Айта кетейік, биыл Жұбанов университетін педагогикалық мамандықтар бойынша үш мыңға жуық түлек тәмамдайды.

Жәрмеңкеге бірқатар білім беру ұйымдары, мектептер мен балабақшалардың өкілдері қатысып, өз мекемелеріне қажетті жас мамандарды іріктеуге мүмкіндік алды. Іс-шарада 500-ге жуық бос орын ұсынылды.

Студенттер жұмыс берушілермен ашық сұхбаттар өткізіп, түйіндемелерін ұсынды, кейбірі алдын ала сұхбаттасудан өтіп, жұмысқа орналасу жолындағы алғашқы қадамдарын жасады.