Басты бет > Жаңалықтар > Репродуктивті денсаулық апталығы аясында маңызды шаралар өтті
4
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында маңызды шаралар өтті

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның бастамасымен елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтті. Апталық аясында Ақтөбе қаласында, оның ішінде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Университет қабырғасында жастардың репродуктивті денсаулығына қатысты арнайы семинарлар өтіп, медициналық, психологиялық және құқықтық бағыттағы кеңестер берілді. Сонымен қатар, студенттер мен қызметкерлер үшін тегін скринингтер ұйымдастырылып, тіс, жүрек, қан қысымы, қант деңгейі мен көз көру көрсеткіштері тексерілді. Бұл шаралар денсаулықты жүйелі бақылаудың маңыздылығын көрсетуге бағытталды.

Аталған жұмыстар бір апталық шеңберімен шектелмей, тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Ұлттық комиссия тарапынан пайдалы ақпарат пен кеңестер жинақталған арнайы платформа да әзірленді. Толығырақ https://rephealth.kz сайтындағы «Білім базасы» бөлімінен танысуға болады.