Басты бет > Халықаралық байланыстар > Жұбанов университеті Қытайда өткен халықаралық білім көрмесіне қатысты
4
Жұбанов университеті Қытайда өткен халықаралық білім көрмесіне қатысты

2025 жылдың мамыр айында Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы, Үрімжі қаласында «Өндіріс, білім беру, ғылыми зерттеулер және қолдану салаларындағы Қытай – Орталық Азия ынтымақтастығы» атты халықаралық конференция өтті. Конференция аясында 13 мамыр күні «Study in Kazakhstan» атты білім көрмесі ұйымдастырылып, оған Қазақстанның 16 жетекші жоғары оқу орны қатысты.

Аталған көрмеге Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің делегациясы да белсене қатысып, университеттің халықаралық әлеуетін таныстырды. Делегация құрамында:
* Хусаинов Дастан Сақтағанұлы – стратегиялық даму жөніндегі проректор
* Алдиярова Майра Серікқызы – халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
* Урумбасарова Зүлфия Әсілханқызы – Хериот-Уатт кампусының оқу ісі жөніндегі жобалық жетекшісінің орынбасары
Көрме барысында университет өкілдері шетелдік әріптестер мен болашақ студенттерге Қ. Жұбанов университетінің білім беру бағдарламаларын, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін, қос диплом жобаларын, халықаралық шәкіртақылар мен оқу шарттарын таныстырды.

Қытай Халық Республикасының білім министрі Хуай Цзиньпэн Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы білім саласындағы байланыстарды кеңейту қажеттігін атап өтіп, бірлескен білім беру платформаларын құру, кәсіптік және цифрлық білім беруді дамыту, сондай-ақ өркениетаралық байланыстарды нығайту жөнінде ұсыныс білдірді.

Синьцзян Ұйғыр автономиялық ауданының Білім басқармасы тарапынан көрсетілген қызығушылық Қытай мен Қазақстан арасындағы білім саласындағы серіктестіктің болашағы зор екенін көрсетті.

Жұбанов университетінің бұл шараға қатысуы — білім беру сапасын халықаралық деңгейде танытып, шетелдік серіктестіктермен жаңа бағыттарды дамытуға үлкен мүмкіндік береді.