
Student Life Festival– жаңа бастамалар алаңы!
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бірінші курс студенттері үшін бейімдеу аптасы аясында «Student Life Festival» өтті.
Фестивальдің негізгі мақсаты – студенттердің университет өміріне бейімделуіне қолдау көрсету, факультет сенаторлары мен түрлі клубтардың жұмысын таныстыру және жастардың белсенділігін арттыру.
Іс-шара барысында студенттер факультет сенаторлары мен клуб жетекшілерінің қызметімен танысып, университеттегі студенттік өмірге қатысты сұрақтарына жауап алды. Сонымен бірге интерактивті ойындарға қатысып, жаңа достық байланыстар орнатты.
Фестиваль аясында университеттегі студенттік клубтардың қызметі кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда:
• «Жастар рухы» жастар қанаты;
• «Заман біздікі» интеллектуалды элиталар одағы;
• «Alash Orda» пікірсайыс клубы;
• «Arsustars», «Mad Vibe», «BigFam», «Sizzle» би клубтары;
• «Жас қаламгерлер» әдеби клубы;
• «DEM» медиа клубы;
• «ARTHOUSE» өнер клубы;
• «Zhubanov Futsal», «Zhubanov Volleyball», «Zhubanov Basketball», «Zhubanov Table Tennis» спорт клубтары;
• «Zhubanov Zhyluy» волонтерлар қозғалысы;
• «Shyraq» студенттік клубы.
Фестиваль соңында әуен мен би кеші ұйымдастырылып, жаңа студенттердің университеттегі алғашқы күндері жарқын әсерге толы болды.