Басты бет > Жаңалықтар > Ақтөбеде Тоғызқұмалақ күні аталып өтті
4
Ақтөбеде Тоғызқұмалақ күні аталып өтті

2025 жылдың 9 қыркүйегінде Ақтөбедегі Триатлон паркінде ұлттық зияткерлік мұра – Тоғызқұмалақ күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Іс-шара Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық тоғызқұмалақ федерациясының ұйытқы болуымен және «Қабақ баба» қоғамдық қорының демеушілігімен өтті.

Тоғызқұмалақ күні – қыркүйектің 9-ы елімізде жыл сайын ұлттық ойын ретінде ұлықталатын маңызды дата. Оның мақсаты – ата-бабамыздан жеткен зияткерлік мұраны дәріптеп, жас ұрпаққа насихаттау.

Салтанатты жиынға қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары мен студенттер, сондай-ақ тоғызқұмалақ жанашырлары қатысты.

Шара барысында «Ұлт болмысы» атты көрме ұйымдастырылып, өңірдің қолөнер шеберлері мен суретшілерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Қазақы нақышпен жасалған бұйымдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар орындаған ұлттық әндер мен күйлер мерекелік жиынға айрықша сән берді.

Көрермендер арасында шағын жарыстар өткізіліп, тоғызқұмалақ ойнауға ниет білдіргендер өз шеберліктерін сынап көрді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.